Қазақстанда аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй шығындарын азайту мақсатында көрсетілетін тұрғын үй көмегі 2025 жылы толық цифрландырылып, рәсімдеу барысы жеңілдетілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.
Тұрғын үй көмек – Қазақстандағы аз қамтылған азаматтар мен отбасыларға арналған мемлекеттік төлем. Ол тұрғын үйге, коммуналдық қызметтерге және мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алынған баспананың шығындарының бір бөлігін өтеуге бағытталған.
Мемлекеттің мақсаты – әлеуметтік осал азаматтарды қолдау және цифрландыру арқылы процесс ашықтығын қамтамасыз ету.
2025 жылы көмек алу жолы
Кімдер көмек ала алады
Не өтеледі
Көмек тек бір тұрғын үйге беріледі, жеке тұлғадан жалға алу мен коммуналдық қызметтердің нормативтен асқан тұтынуын немесе пәтер аумағының шектен тыс қолданылуын қамтымайды.
Көмектің есептелуі
Тұрғын үй көмегі = нақты шығындар – рұқсат етілген шығын деңгейі (жергілікті мәслихаттар белгілейді).
Өтінішті қадамдап беру
1.Өтініш беру – eGov.kz порталында немесе ХҚКО арқылы ЭЦҚ арқылы.
2.Тексеру – мемлекеттік органдар тұрғын үй, тіркелу, отбасы құрамы, банк шоты және мемлекеттік тұрғын үйді тексереді.
3.Мәліметтерді енгізу – өткен кварталға арналған төлем құжаттарын тіркеу (тұрғын үй, коммуналдық қызмет, байланыс).
4.Қарау – әкімдіктер нормативтік есеп жасайды; мерзімі – 6 жұмыс күні.
5.Шешім қабылдау және төлеу – өтініш берушіге хабарланады; тізімдер Қаржы министрлігінің Казначейлік комитетіне жіберіліп, қаражат аударылады.
Қажетті құжаттар










