2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер өседі

Үкімет 2024 жылғы 19 қарашадағы «2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» қаулысын бекітті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәтінде былай делінген:

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері алынған әлеуметтік төлемдер сомасының 6,5 пайызына ұлғайтылсын.

Қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Қазақстанда 2024 жылдың қарашасында әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түліктің 13-інің бағасы өскенін жазғанбыз.