«Акция аясында елордада 4 мыңға жуық отбасы азық-түлік себеттерімен қамтылды. Бүгін 1000-ға жуық себет елорданың 5 ауданында әлеуметтік жағынан осал отбасыларға таратылып жатыр. Олар – көпбалалы отбасылары, жалғызбасты аналар, зейнеткерлер, мүгедектігі бар азаматтар, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар. Азық-түлік себетінде күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлар бар. Атап айтсақ, күнбағыс майы, қант, ұн, сүт және т.б.», – деді Астана қаласы әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек.
«Осындай қайырымдылық іс-шарасына атсалысқаны үшін «Petro Retail» компаниясына алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ өзге де бизнес өкілдерін, меценаттарды игі іске қатысуға шақырамыз. Қалалық әкімдік мұндай акцияларды жыл сайын ұйымдастырады», – деп сөзін түйіндеді Қуаныш Қайратұлы.