Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәліметке сүйенсек, 2026 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жеткен. Бір жыл ішінде қазақстандықтардың саны 212 576 адамға өсті.
Түркістан облысында халық саны 2 миллионнан асып, 2 148 658 адамға жетті, ал Алматыда 2 347 924 адам тұрады.
Халқы аз өңірлер:
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалаларда 13 029 803 қазақстандық (256 688 адамға артты), ауылдарда – 7 466 172 қазақстандық тұрады(44 112 адамға азайды).










