Қаржы министрінің “Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу туралы” бұйрығы күшіне енді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Құжат ТЖ режимі жарияланған өңірлердегі су тасқынынан зардап шеккен адамдардың салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін ұзартуға бағытталған.
Әкімдік су тасқынынан зардап шеккендердің тізіміне енгізген салық төлеушілер келесі жеңілдіктерді пайдалана алады:
Бұдан өзге, 2024 жылғы 1 шілдеге дейін салықтық тексерулер (кешенді, тақырыптық, қарсы, хронометраждық тексерулер) тоқтатылды, бұл ретте тоқтата тұру мерзімі тексеру және талап қою мерзімдеріне енгізілмейді.
Сонымен қатар, зардап шеккен адамдарға қатысты жаңа салықтық тексерулерді тағайындауды тоқтата тұру көзделген.
Сондай-ақ 2024 жылғы 1 наурыздан 1 шілдеге дейінгі кезең үшін мерзімінде төленбеген салықтар бойынша өсімпұл есептеу тоқтатылды.
Бұл өзгерістер 2024 жылдың 1 наурызынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
МКК қазақстандықтарға мемлекеттік кірістер органдарына жүгінудің қажеті жоқ екенін, зардап шеккендердің тізімі әкімдіктерден алынатынын хабарлады.