Су тасқыны орын алған кезден бастап 45 мыңға жуық бала эвакуацияланды. 120 мыңнан астам оқушы қашықтан оқу форматына көшірілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz.
«Бұрын эвакуациялық пункттерде болған 5 мыңға жуық бала балаларды сауықтыру орталықтарында (600-ге жуық оқушы), колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларында (2 мыңға жуық бала), республикалық маңыздағы мектеп-лицейлердің интернаттарында (600-ге жуық бала) оқу процесін аяқтауда. Қосымша резерв ретінде балаларға 7000 орын әзірленді», – деді спикер.