Оралда «QURMET» челленджі басталды: сталкинг пен некеге мәжбүрлеудің алдын алу күшейтіледі

Оралдағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық университетінде «QURMET» челленджі аясында жастарды жат қылықтардан сақтандыруға бағытталған кездесу өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі БҚО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға БҚО Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Ыбырайымов бастаған полиция қызметкерлері, сондай-ақ облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Шукеева қатысты.

Полиция подполковнигі Олжас Ыбырайымов қазіргі таңда қоғам үшін аса өзекті екі мәселені атап өтті.

Ал облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Шукеева батыс өңірінде алып қашу деректерінің сирек кездесетінін атап өтті.