ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және ҚР Ұлттық банкі “Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мәндерін айқындау туралы” бірлескен қаулының құрылымдық элементінің әрекетін тоқтата тұру жөнінде бірлескен қаулы қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Екінші деңгейлі банктердің автоматтандырылған банк жүйелерін бейімдеуіне қосымша уақыт беру, сондай-ақ азаматтардың ЖТСМ-нің шекті мәнін төмендету нормасы күшіне енгенге дейін мақұлданған ипотекалық тұрғын үй займдарын алу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ипотекалық тұрғын үй займдары бойынша ЖТСМ-ді 25%-дан 20%-ға дейін төмендету нормасы 2025 жылғы 1 қарашаға дейін тоқтатыла тұратын болды.
Тоқтата тұру кезеңінде ЖТСМ-нің келесі шекті мәндері белгіленді:
Еске салайық, маусым айының басында Қазақстанда ипотекалық тұрғын үй займдары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейі 25%-дан 20%-ға дейін төмендетілген болатын. Алайда бірнеше күннен кейін қаржы реттеушілері бұл көрсеткішті бұрынғы деңгейге қайтаруды ұсынды және 20 тамызда аталған шешім нормативтік түрде бекітілді.
Бірлескен қаулы 4 қыркүйектен бастап күшіне енді.