Бишімбаев пен Байжановқа қатысты үкім қашан жарияланатыны белгілі болды

Сот шешімі бойынша:

“Бүгін, 2024 жылғы 13 мамырда сағат 17:00-де Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланады”.

Сондай-ақ, сот отырысы аяқталғаннан кейін осы сот отырысының аяқталуына арналған баспасөз мәслихаты өтетіні айтылады.

13 мамыр күні таңертең сот отырысында судья Айжан Құлбаева сотталушыларға қатысты үкім шығару үшін алқабилерге қойылатын сұрақтарды жариялады.

Осыдан кейін Құлбаева сот пен алқабилер алқасы шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кеткенін айтты.