Алматы полициясы мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы қалалық полициясы балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының көбейгенін айтып дабыл қағуда. Өкінішке қарай, кей жағдайда мұндай қайғылы оқиғалар кәмелетке толмағандардың өлімімен аяқталады.
Сондай-ақ полиция, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына енгізілген өзгертулерге сәйкес, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілік енді ата-аналар мен заңды өкілдерге жүктелетінін еске салды.