Жазғы кезеңнің басталуымен, қаланы одан да ыңғайлы және қолжетімді ету үшін түнгі №№ 201, 202, 203 бағдарларын іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Елорда тұрғындары мен қонақтары енді түнгі уақыттарда, сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін қалада оңай әрі жайлы қозғала алатын болады.Түнгі бағдарлар қаланың негізгі аудандарын қамтып, негізгі көлік хабтарын байланыстырады.