Алматының Жетісу ауданында 9 көпбалалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградасының иегері атанды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі әйелге ең жоғары марапат – «Алтын алқа», ал жеті анаға «Күміс алқа» берілді.
Аудан әкімі Ләззат Жылқыбаева марапатталған аналарды құттықтап, ұрпақ тәрбиелеудегі еселі еңбегі мен қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.Жетісу ауданында 2 940 көпбалалы ана тіркелген, оның 154-і «Алтын алқа», ал 305-і «Күміс алқа» алған. Көпшілігі білім беру, медицина және басқа да мемлекеттік және жеке құрылымдарда жұмыс істеп, қаланың дамуына зор үлес қосып келеді.