Алматыда жастарға арналған тағы бір комьюнити-орталық ашылды

Әкім Ерболат Досаев Медеу ауданындағы жаңа жастар орталығында болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылдан бері Алматыда психологиялық және заң көмегі аймақтарымен, жұмысқа орналастыру бойынша консультациялармен, жастар идеяларын қолдау үшін коворкингпен және т.б. жабдықталған 8 комунити-орталық жұмыс істейді. 2024 жылы оларда 1500-ден астам іс-шара өтті, оған 375 мыңнан астам адам қатысты. NEET санатындағы 13,4 мыңнан астам жас осы жерден жұмыс тапты, 11,3 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты.Биылғы жылы орталықтардың әрқайсысында бөтелкелерді жинауға арналған фандоматтар орнатылды. Бастаманың мақсаты – жастарды экологиялық құндылықтарға баулу.«Алматының даму бағдарламасына» сәйкес, 2025 жылға қарай орталықтар саны 16 – ға дейін артады – әр ауданда осындай екі орталық болады.*NEET-ағылшын тіліндегі «not in education, employment or training» дегенді білдіреді, оны «оқумен де, жұмыспен де айналыспайтын» деп аударуға болады.