Елордада балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша белсенді профилактикалық жұмыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елордалық ТЖД Байқоңыр ауданының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр.
Құтқарушылар қала тұрғындарынан кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды сұрайды және қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін белгілі бір ережелерді сақтау қажеттігін еске салды. Бұл рейдтер елорданың барлық ауданында жүргізіліп жатыр.