ҚР Бас прокуроры Берік Асылов бүгін, 2024 жылғы 1 қазанда балалардың суицидтері туралы айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Бас прокурор Twitter-дегі парақшасында жазды.Оның айтуынша, балалардың суицид толқыны қоғамда резонанс тудырған.
“Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Жалпы, әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізді. Сондай-ақ, прокурорлар қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеп жатыр. Бас прокуратура мемлекеттік органдармен бірлесіп, суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешенін әзірлейді”, — деп жазды Асылов.
2024 жылдың 12 қыркүйегінде Алматыда 12 жасар қыздың 13-қабаттан секіргені хабарланған. 16 қыркүйекте екі қыз көпқабатты үйден құлап мерт болды. 21 қыркүйекте тағы бір суицид болды: Бостандық ауданында жасөспірім қыз 13-қабаттың балконынан құлап кетті.
22 қыркүйекке қараған түні Достық даңғылында ҰҚК Шекара академиясының 19 жастағы курсанты көпқабатты үйдің жоғарғы қабаттарынан құлап қайтыс болды. Ал 23 қыркүйекте Алматыдағы зәулім ғимараттан 18 жастағы жасөспірім секіріп кеткен.
25 қыркүйекте Алматыда AlmaU студентінің өлі табылғаны белгілі болды.