Алматы қаласының №2 қалалық перинаталдық орталығында бір отбасының шаңырағында үш қыз бала өмірге келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл — 2026 жылдан бері аталған медициналық орталықта тіркелген алғашқы үшем.
Бұған дейін екі бала тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптылар үшін сәбилер үшінші, төртінші және бесінші перзент атанып отыр. Осылайша отбасы бір күнде көпбалалы жанұя қатарына қосылды.
Нәрестелер жүктіліктің 35-аптасында кесарь тілігі арқылы дүниеге келген. Сәбилердің салмағы 1399, 1694 және 1677 грамм болған. Туғаннан кейін олар жансақтау бөліміне жатқызылып, бірнеше күн арнайы аппараттың көмегімен тыныстаған.
Қазіргі таңда қыздардың жағдайы тұрақты. Олар анасымен бірге жалпы палатаға ауыстырылып, дәрігерлердің бақылауында жатыр.
Мамандар мұндай күрделі жүктіліктің сәтті өтуі дәрігерлердің кәсіби әрі үйлесімді жұмысының нәтижесі екенін атап өтті.









