Бала қауіпсіздігі — әр ата-ананың басты міндеті. Әсіресе көктем мен жаз мезгілдерінде терезені ашу жиілейді. Осындай сәтте баланы назардан тыс қалдырмау қажет, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ІІМ үйдегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау өте маңызды екенін атап өтті.
Терезені ашық қалдырмаңыз.
Үйде кішкентай бала болған жағдайда терезені толық ашуға болмайды. Бөлмені желдеткен кезде терезенің тек жоғары бөлігін ашыңыз немесе қауіпсіздік режимін пайдаланыңыз.
Жиһазды терезеден алыс қойыңыз.
Балалар диван, орындық немесе үстел арқылы терезеге шығып кетуі мүмкін. Сондықтан жиһазды терезеден алыс орналастыру қажет. Масадан қорғайтын торға сенбеңіз. Ол баланың салмағын көтере алмайды. Бала сүйенген жағдайда тор үзіліп, қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Терезеге арнайы құлып орнатыңыз. Бұл баланың терезені өздігінен ашуына жол бермейтін қауіпсіз шешім.
Баланы ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
Кішкентай балалар өте белсенді, сондықтан оларды үнемі бақылауда ұстау қажет.
Есте сақтаңыз: Қарапайым сақтық шаралары қайғылы жағдайлардың алдын алады. Баланы әрдайым назарда ұстап, үйде қауіпсіз орта қалыптастыру — оның өмірі мен денсаулығын қорғаудың ең тиімді жолы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.










