Су тасқыны орын алған кезден бастап 45 мыңға жуық бала эвакуацияланды

Су тасқыны орын алған кезден бастап 45 мыңға жуық бала эвакуацияланды. 120 мыңнан астам оқушы қашықтан оқу форматына көшірілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

«Бұрын эвакуациялық пункттерде болған 5 мыңға жуық бала балаларды сауықтыру орталықтарында (600-ге жуық оқушы), колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларында (2 мыңға жуық бала), республикалық маңыздағы мектеп-лицейлердің интернаттарында (600-ге жуық бала) оқу процесін аяқтауда. Қосымша резерв ретінде балаларға 7000 орын әзірленді», – деді спикер.