Партия Жарғысының 40 ережесіне өзгеріс енгізілді

Бірінші блок Жарғыны Қазақ­стан Республикасының жаңа Кон­сти­туциясы мен қолданыстағы заң­на­маға сәйкестендіруге бағыт­талды. Екінші блок партияның басшылық органдары арасындағы өкілеттік­терді нақты айқындауды және зама­науи әрі тиімді ұйым­дас­тырушы­лық тетіктерді енгізуді қа­жет ететін пар­тияішілік басқару жүйесін жетіл­діруді көздейді. Үш­ін­ші блок құжат­ты редакциялық және жүйелік тұр­ғы­дан жетілдіруге арналды. Соның нәтижесінде Жар­ғы мазмұны жағы­нан бірізді, қи­сынды және прак­ти­калық тұр­ғыда қолдануға барынша қолайлы болады. 

«Заманауи Жарғы – бұл шешім қабылдау тәртібін, жауапкершілікті бөлуді, басқару тиімділігін және елі­міздің барлық аумағында пар­тия қызметінің бірыңғай стандарт­тарын айқындайтын құжат. Сонымен қатар пар­тия өзінің негізгі құнды­лықтары мен басты қағидаттарын сақтап қа­лады», – деді Гүлзира Атабаева. 

Жарғының жаңартылған ред­ак­циясында партияішілік басқару жүйесін жетілдіру ісіне ерекше назар аударылды. 

«Ұсынылып отырған өзгерістер партияның жоғары органдарының стратегиялық рөлін, шешім қабыл­дау барысының жеделдігін, бас­қару­дың цифрлық құралдарын және ел аума­ғындағы жұмыстың бір­ыңғай стан­дарттарын өзара үйлестіретін зама­науи партиялық басқару моделін қалыптастыра­ды», – деді Бекжан Әлімқұлов. 

Сондай-ақ делегаттар мүшелік партиялық жарналардың мөлше­рін бекітті. Жұмыс істейтін азамат­тар үшін ай сайынғы жарна мөлше­рі – 0,1 АЕК, ал студенттер үшін – 0,01 АЕК. Сонымен қатар зейнет­керлер, мүгедектігі бар қа­зақ­стан­дықтар, бала күтімі бойын­ша дем­алыста жүрген ата-аналар, сон­дай-ақ мүге­дек­тігі бар балалар­дың заңды өкілдері мүше­лік жарна төлеуден толық босатыл­ды. 

Ұйымдастырушылық мәселе­лер қаралғаннан кейін «Әділет» партия­сының кезектен тыс III съезі­нің деле­гаттары сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдық­тарын талқылап, Құрылтай де­пу­тат­тығына канди­даттардың пар­т­иялық тізімін бекітті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәсе­ле – мазмұны мен басты басым­дық­тары жаңартылған партияның сайлауалды бағдарламасын бекіту болды. Құжат 8 негізгі бағыттан тұра­ды. Оларды партияның Саяси кеңес мүшелері жан-жақты таныс­тырды. Бағдат Мусин цифрлық мемлекетті дамыту­ға арналған ба­ста­маларды ұсынды. Замира Кузи­е­ва өңірлерді дамыту мәселелеріне тоқталды. Ренат Бек­тұров әділетті экономиканы қалып­тас­тыру жөн­ін­дегі ұсыныс­тарын таныс­тырды. Динара Зәкиева әлеу­меттік саясат бағытын ұсынды. Лаура Қара­ба­сова адами капиталды дамыту мә­се­лелеріне тоқталды. Қарлығаш Жаманқұлова мәдениет саласына қатысты бастамаларды таныс­тыр­са, Ирина Тен экология­лық күн тәртібіне арналған ұсыныс­тарын ортаға салды.