Доллар бағамы 5 теңгеге көтерілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтеріліп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 5,14 теңгеге көтеріліп, 438,57 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 7 наурыздағы ресми бағамы – 432,83 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 437,94 теңге, сату – 442,06 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 438,79 теңгеден сатып алынып, 442,16 теңгеден сатылып жатыр.