Бөдене ауылында жол мәселесі шешіліп, төрт тұрғын жұмысқа орналасты

Атырау облысының Индер ауданына қарасты Бөдене ауылында «Әділет» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы өтті. Нәтижесінде, тұрғындардың жол мәселесі шешіліп, төрт адам жұмысқа орналасты, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Қабылдауға 20 тұрғын қатысып, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, апатты тұрғын үйлер және ауыл инфрақұрылымына қатысты мәселелерді көтерді.

Атап айтқанда, 78 жастағы ауыл тұрғыны Нақыш Құмашева өзі тұратын көшеге жол төсеу мәселесін жеткізді. Оның айтуынша, бұл мәселе бірнеше жылдан бері шешімін таппай келген. Қазір көшеге тасжол төсеу туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар қабылдау қорытындысы бойынша төрт тұрғын жұмысқа орналасты. Қалған өтініштер тиісті мемлекеттік мекемелерге жолданып, олардың орындалуы «Әділет» партиясы облыстық филиалының бақылауында болады.

Баян Жанұзақова, Атырау облысы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.