Халықаралық байқаушылар «Әділет» партиясы штабының жұмысымен танысты

Құрылтай депутаттығына кандидаттар Рауан Кенжеханұлы мен Гүлзира Атабаева ЕҚЫҰ өкілдеріне республикалық және өңірлік штабтардың қызметі, сайлауалды науқанда атқарылып жатқан жұмыстар, кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері туралы айтып берді. Оған қоса,  республикалық сайлауалды штабта орналасқан орталықтармен таныстырып, үгіт-насихат жұмысы жайлы баяндады.

Кездесуде сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету, сайлау заңнамасын сақтау, кандидаттар үшін тең жағдай жасау мәселелері қозғалды. Жүздесу соңында тараптар халықаралық байқаушылардың жұмысын талқылады.

Партияның қызметі туралы басқа да жаңалықтарды ресми Telegram арнамыздан оқи аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy