Ел ертеңі бүгінгі іспен қалыптасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің жаңа даму кезеңіндегі басымдықтарды айқындап берді. Әсіресе, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, білім мен спортты дамыту, ауыл-аймақтың әлеуетін арттыру және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағыттары ерекше маңызға ие.

«Халықтық құрылыс» бастамасы – елдің ертеңіне инвестиция салу. Жаңа мектептер мен ауруханалар, спорт кешендері мен мәдениет ошақтары халыққа қолайлы орта қалыптастырып, жас ұрпақтың дамуына жол ашуы тиіс. Ең бастысы, қолға алынған әр бастама сапалы жүзеге асып, нақты нәтижесін көрсетуі қажет.

Ұзақ жылдар білім беру, балалар спорты және жергілікті басқару салаларында еңбек еткен маман ретінде ұстазға қолдау көрсету, балалардың қабілетін шыңдау, ауылдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелерінің маңызын жақсы түсінемін. 

Жолдауда айтылғандай, ел дамуының негізі – сапалы инфрақұрылыммен қатар, білімді азамат, адал еңбек және қоғамдық жауапкершілік. Ал «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Адал азамат» ұстанымы әрқайсымыздың күнделікті ісімізден көрініс табуы керек.

Ендігі міндет – айтылған бастамаларды нақты іске айналдыру. Өйткені елдің дамуы мінбердегі сөзбен емес, халықтың өміріндегі оң өзгерістермен өлшенеді.

Қуандық Жақиялиев,

«Әділет» партиясы Атырау қалалық филиалының төрағасы