Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ескі купюраларды жаңасына ауыстыруға қатысты жоспар туралы айтты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
“Жыл соңына дейін барлық купюра шығарылады. Бізде тіпті қанша миллион теңге жаңа купюра шығаратынымыздың көлемі де бар”, – деді Сүлейменов Ұлттық Банкте өткен брифингте.
Кейін Ұлттық банктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылы желтоқсанда номиналы 2 мың теңге болатын жаңа купюра айналымға шығарылады.
Номиналы 1 мың теңге болатын банкнотты іске қосу 2025 жылдың басында, 500 теңге – 2025 жылдың екінші жартысында, 20 мың теңге – 2026 жылға жоспарланған.