Қазақстанда алтынды өндіру көлемі ұлғайды

«Саланы дамытудың нарықтық тетіктерін енгізу: барлау,өндіру,сату». Дәл осындай атаумен еліміздің бас шаһарында Қазақстанның алтын өндіруші өнеркәсіпшілерінің форумы өкізілді. Ауқымды жиынға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шархан қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

«Елімізде алтын өндіру кәсібі отандық тау-кен секторындағы негізгі салалардың бірі болып саналады. 2022 жыл Қазақстанның алтын өндіру өнеркәсібі үшін табысты жыл болды. Мысалы, құрамында алтын бар кен орындарын игеру айтарлықтай ұлғайып, атап айтқанда 39,4 млн тоннаға дейін бағалы металл өндіріліп, бұл былтырғы көлемнен 18,3%-ға көп болып шықты», деді И.Шархан.

«Аталған жобалар биыл өңдеу өнеркәсібінің жоспарлы өсімін қамтамасыз етіп, индустриялық саясатты тиімді іске асыруға оң әсерін беруге тиіс», деді ҚР ИИДМ басшысының орынбасары.