Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасын жарнамалаған 13 мың интернет сілтеме мен аккаунтты бұғаттады

Ведомство таратқан ақпарат бойынша, өткен жылдың өзінде 29 қаржы пирамидасы жойылып, зардап шеккендерге 8,3 млрд теңгенің шығыны өтелді.

Сондай-ақ халықты алаяқтық схемаларға тартудың алдын алу үшін олардың қызметін жарнамалайтын 13 мың интернет сілтемелері мен аккаунттары бұғатталды.

Қазірдің өзінде алаяқтық схемаларға тартылған азаматтарға 19 мың ескерту жіберілді, бұл 15 мың азаматтың қауіпті аккаунтар жазылымынан бас тартуына ықпал етті.

Дегенмен, ҚМА мәлімдеуінше, халық керемет табыс ұсынатын адамдарға сеніп, жинақтарын күмәнді схемаларға әлі де салып жатыр.