Қазақстанда “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Ішкі істер министрлігі құқық бұзушылықтарға, оның ішінде жол қозғалысы саласындағы заң бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыра отырып, қоғамда “Заң және Тәртіп” қағидатын нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Ішкі істер министрі жариялаған профилактика жылы аясында 18-21 ақпан аралығында республика аумағында “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.