Павлодарда есірткіге мас күйде көлік жүргізген азамат ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғаларының көп болуының негізгі себептері – жол қозғалысы ережелерін сақтамау ғана емес, сонымен қатар көлік құралын мас күйінде басқару.
Айта кету керек, жыл басынан бері полиция қызметкерлері осындай 52 деректі анықтап, жолын кесті. Әрбір адам өз жақындарын, туыстарын, таныстарын мас күйінде көлік басқарудан сақтандырып, тоқтатуы тиіс. Сондай-ақ мас жүргізуші туралы полицияға хабарлау қажет Полиция көлікті мас күйінде басқарып жүрген тұлғалар туралы ақпаратты полицияға 102 нөмірі арқылы хабарлау керегін еске салады.









