Еліміздің екі қаласында Škoda Transportation өндірісі ашылатын болады

Бұл туралы “Kazakh Invest” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали Чех-Қазақстан бизнес-форумының кулуарында айтты. Өндіріс орындарын Алматы мен Павлодарда ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Škoda Transportation машина жасау компаниясы метро, трамвай, троллейбус, теміржол вагондары, электр пойыздары мен электр автобустарын шығарумен айналысады.