Автожол саласында үш жыл ішінде 4,6 трлн теңгеге жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2029 жылға дейін 10 мың шақырым автожолға орташа жөндеу жүргізілетін болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол бүгінгі таңда 5 мың шақырым аяқталғанын атап өтті. 2029 жылға дейін тағы 5 мың шақырым жөнделеді, бұл қойылған міндеттің толық орындалуын қамтамасыз етеді.

Автожол жобаларын жүзеге асыру үшін елімізде негізгі құрылыс материалы бар. Бұл құрылысты толық қамтамасыз етуге және жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Инертті материалдар шектеулі өңірлерде ірі өндіріс орындарының техногендік минералдық қалдықтары (ТМҚ) пайдаланылады, — деді Нұрлан Сауранбаев.