Көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізу рәсімдеріне уақытша өзгерістер енгізіліп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Көлік министрлігі 2023 жылғы 5 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы «Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін бекіту туралы» №329 бұйрығының кейбір нормаларының іс-қимылын тоқтата тұру туралы» № 114 бұйрығын қабылдаған болатын.
Атап айтқанда, 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін көрсетілген Қағидалардың 23-тармағының 6-тармақшасының, 26-1-тармағының және 31-тармағының 6-8-тармақшаларының қолданылуы тоқтатылды. Олар қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәліктерді тексеру және газ баллонды жабдыққа мерзімді сынақтар жүргізу, міндетті техникалық байқау жүргізу кезінде диагностикалық картаға автомобильге орнатылған газ баллонының сериялық нөмірін енгізу туралы талаптарды қамтиды
ҚР Көлік министрлігінің бұйрығы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 желтоқсанда № 33769 болып тіркеліп, «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылды және 2023 жылғы 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.