Жүргізуші куәлігінен айырылған павлодарлық қыз көлік басқарған жерінен ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Автокөлік апаттарының көбеюі көбінесе жол жүру ережелерін сақтамаумен қатар, мас күйінде көлік жүргізуден туындайды. Бұл құқық бұзушылықтар көбінесе қайғылы жағдайларға әкеліп, көптеген адамдардың өмірін қиып кетеді.
Сондай-ақ мас күйінде көлік жүргізіп жүрген адам туралы полицияға хабарлау қажет. Мас жүргізушілердің көлік жүргізуі қауіпті болғандықтан, бұл мәселеге бей-жай қарамай, ішімдікке қарсы күреске қосылуымыз керек. Мас күйінде көлік жүргізушілер туралы ақпаратты полицияға “102” нөмірі арқылы жеткізуге болады.