Соңғы бес жылда 3,2 мың шақырым республикалық маңызы бар жол төрт жолаққа дейін кеңейтілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
«Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Осы тарапта қалалар мен елді мекендерді айналып өтетін 52 жол салынды. Бұл транзиттік маршруттардың қозғалысын түсіруге мүмкіндік берді. Сондай-ақ елді мекендер арқылы өтетін жолдардағы қауіп-қатерлерді едәуір азайтты. Сонымен қатар ең қауіпті жерлерде жол пайдаланушылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін 32 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды», — деді спикер.