Бірнеше тасжолда жылдамдық режимін тексеру үшін аппараттық кешен іске қосылады

Бірнеше тасжолда жылдамдық режимін тексеру үшін аппараттық кешен іске қосылады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

– Ішкі істер министрлігі Автомобиль жолдары комитетімен және “ҚазАвтоЖол” ҰҚ” АҚ-мен бірлесіп, 2023 жылдан бастап қала сыртындағы трассаларда жылдамдық режимінің бұзылуын тіркеу үшін камераларды пайдалануда.

Өткен жылы 33 ZEREK-2 бағдарламалық-аппараттық кешені орнатылды. Қазіргі уақытта бұл жұмыс жалғасуда.

20 мамырдан бастап Павлодар – Қалбатау, Бейнеу – Ақжігіт, Орал – Самара, Павлодар – Омбы, Орал – Саратов автожолдарында 21 кешенді іске қосу жоспарлануда.

Осы сәттен көрсетілген трассаларда ZEREK-2 кешені штаттық режимде жұмыс істейтін болады.

ІІМ жүргізушілерді жылдамдық режимін және автокөлік арасындағы қашықтықты сақтауға шақырады. Жол қателіктерді кешірмейтінін есте сақтаңыздар! – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.