Ақмола облысында боран кезінде полицейлер жүк көлігінің жүргізушісіне көмек берді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Өткен тәулікте аяз бен боран Ақмола облысындағы жол жағдайын едәуір қиындатты. Жүргізушілер үшін де, патрульдік полиция қызметкерлері үшін де нағыз сынақ болды. Жол қауіпсіздігін Қуаныш Толтанов пен Виталий Забутский патрульдеді. Тәртіп сақшылары Жақсы – Есіл – Бұзұлық автожолының 71 -шақырымында қызмет атқару кезінде олар төтенше жағдайға тап болған жүк көлігін байқады. Жүргізуші Астанадан Қостанай қаласына металл конструкциясын тасымалдап бара жатқанда қатты аяздың салдарынан тежегіш жүйесі істен шығып, жүргізуші жолда қалған. Полицейлер оқиға орнына дереу келді және ең алдымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті.










