Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистегі көлік кептелісі мәселесі қоғамдық көлікті жүйелі дамыту арқылы шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімнің айтуынша, көлік қозғалысының шамадан тыс жүктемесі қаланың экологиялық жағдайына тікелей әсер етеді. Сондықтан жеке автокөліктерге балама ретінде қоғамдық көлікті дамытуға басымдық беріліп отыр.
Әкімнің айтуынша, мәселені шешудің тиімді жолының бірі – жылдам жүретін қоғамдық көлік бағыттарын дамыту.
Қала басшысы метроның дамуына да жеке тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта бірқатар нысандарды аяқтау мерзімдері қайта қаралып жатыр.
Оның айтуынша, қала метрополитенді кеңейтуді жалғастырып жатыр.
Сөз соңында әкім метро мен қоғамдық көлік дамымай, қаладағы көлік кептелісі мәселесін шешу мүмкін емес екенін атап өтті.









