Ақылы жолдардың жөнделіп жатқан учаскелері үшін төлем алынбайды – Көлік министрлігі

Қазақстанда республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда қауіпсіздік пен көлік қозғалысының үздіксіз іске асырылуына кері әсер ететін ақаулар анықталған жағдайда, жол пайдаланушылары мұндай жол учаскелерімен жүріп өткені үшін жол ақысын төлеуден босатылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.