Семей тұрғыны колония аумағына 3,5 литр спирт лақтырмақ болды

Семей тұрғыны колония аумағына 3,5 литр спирт лақтырмақ болды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Семейдегі колония аумағына спирт лақтырмақшы болған азамат ұсталды. 58 жастағы Семей қаласының тұрғынын колонияның бейнебақылау бекетінің қызметкерлері байқап, оны Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №19 мекемесінің қызметкерлері оқиға орнында ұстады. Ер адам әр ыдыста 0,5 литр спирті бар жеті пластик бөтелкелерді колонияның ескерту және негізгі қоршауларынан асырып, ішке қарай лақтырмақ болған.