Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Ақтөбе облысында ұсталды

Ақтөбе облысындағы ” Жайсан ” теміржол өткізу пунктінде Молдованың ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросымен есірткі заттарын заңсыз тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген өзбекстандық азамат ұсталды, – деп хабарлайды  kazlenta.kz  тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

2013 жылы күдікті басқа адамдармен бірге есірткі заттарын жеткізудің халықаралық арнасын  ұйымдастырған . Молдоваға кірер кезде одан 46 грамм героин табылған .

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.