Түркістан облысында көлік жүргізушісінен марихуана тәркіленді

Түркістан облысында көлік жүргізушісінен марихуана тәркіленді , – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер Арыс ауданы аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп, есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.

Нақтырақ айтсақ, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Mitsubishi автокөлігін тоқтатты. Жедел уәкілдер тексеру кезінде жүргізушіден есірткі заты бар 3 орама тапты.

Одан әрі полицейлер күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде тағы 1 қағаз орамасын тәркіледі. Алынған заттың жалпы салмағы 160 грамнан астам марихуана болып шықты.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.