ІІМ: Жаңа жыл қарсаңында полиция ірі көлемдегі ұрлықты ашты

Жаңа жыл алдындағы түнде полиция қызметкерлері құны 10 миллион теңге болатын зергерлік бұйымдардың ұрлығын жедел түрде ашты. Қылмыскерлерді ұстауға тәртіп сақшыларына бес сағат қана қажет болды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаментінің үйлестіруімен, Ақмола облысы және елордалық полиция қызметкерлерінің бірлескен жұмысы арқасында гастролер ұрылар «ізін суытпай» құрықталды. Ұрлық жаңа жыл алдында таңғы сағат 04:30 шамасында Көкшетаудағы сауда үйлерінің бірінде жасалған. Қылмыскерлер сауда орнына пластикалық терезеден кіріп, бутиктен зергерлік бұйымдарды жымқырған. Дабыл жүйесі іске қосылып, қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері оқиға орнына жетсе де, қаскүнемдерге ісін жүзеге асыруға 15 минут жеткен.