Астанада ер адам өзгенің көлігінен ақша ұрлаған

Астанада ер адам өзгенің көлігінен ақша ұрлаған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлік иесі қала аудандарының біріндегі аулада өзінің көлігін қойып кетіп, жинақтарынан айырылды.

Полицияға қаланың 24 жастағы тұрғыны жүгінді. Жас жігіт көлігінің ішінде жатқан ақшасының ұрланғаны туралы хабарлады.

Нұра ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қылмыскерді ұстады. Ол бұрын сотталған 38 жастағы азамат болып шықты,  өз кінәсін толық мойындады.

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатында, қасақана, мақсатты түрде көліктерді аралап, есіктердің құлыптарын тексеріп жүрді. Осылайша, Газель автокөлігіне заңсыз кіріп, қолма-қол ақшаны ұрлап кетті және қылмыс жасалған жерден қашып кетті. Келтірілген залал сомасы шамамен 50 мың теңге.

Аталмыш қылмыс бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сонымен қатар ер адам елорда аумағында ұқсас сипаттағы ұрлық жасағаны үшін 6 факті бойынша күдіктеледі.