Астанада полицейлер есірткі жарнамасының таралуын тоқтатты

«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өткізу барысында полиция қызметкерлері елорданың 19 жастағы екі тұрғынын ұстады, олардан интернет-ресурстардың мекенжайлары көрсетілген тыйым салынған заттардың жарнамалық парақшалары табылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жас жігіттен заңсыз әрекеттерді жарнамалайтын флайерлер жинағы тәркіленді. Оны ұстау кезінде ол қашып кетіп, жасырынып қалуға тырысқан, алайда оны полиция қызметкерлері жедел құрықтады.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Сондай ақ қаланың көпқабатты үйлерінің бірінің ауласынан тағы бір астаналық азамат ұсталды. Оның есірткі тарататын интернет-дүкеннің есірткі жасырушысы болғаны анықталды.

Ұсталған адамның өзі есірткі жасырған жерді көрсеткен. Жасырылған жердегі жабысқақ лентамен оралған ұнтақ заты бар орама алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың марихуана есірткі құралы болғаны анықталды.

Сонымен қатар пәтерді тінту барысында бөлмеде өлшеп-орайтын мөлдір пакеттер, электронды таразылар мен жарнамалық брошюралар табылып, тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды.