Алматыда полиция қалта ұрыларын ұстады

Алматыда полиция қалта ұрыларын ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Наурызбай аудандық полицейлері Тараздан келген 31 жастағы азаматты ұстады. Қылмыстық іс бойынша, дүкеннің кіреберісінде қызды тонап кеткен.

– Бұл деректі азық-түлік дүкенінің кіреберісіне орнатылған бейнебақылау камерасы түсіріп алған. Күдіктілердің бірі қыздың күртесінің қалтасынан телефонын ұрлап кеткен. Қылмыстың екінші сыбайласы болса, “әріптесін” сақтандырып тұрған. Екі күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Олардың ұрланған мобильді құрылғыны бірден ломбардқа тапсырғандығы белгілі болды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Жақыпбаев.