Ақмола облысында құрамында алтыны бар материалды заңсыз өңдейтін екі шағын цех жойылды

Ақмола облысында құрамында алтыны бар материалды заңсыз өңдейтін екі шағын цех жойылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Заводская кентінде полиция қызметкерлері жедел-іздестіру және рейдтік іс-шараларды өткізу барысында алтын бар материалды қайта өңдеу бойынша екі шағын цехтың жұмысын анықтады.

Тергеу іс-шаралары нәтижесінде құқық қорғау органдары жалпы саны алты ұсақтау қондырғысын, жеті электр қозғалтқышын, екі жуу үстелін және құрамында алтыны бар отыз қап тәркіледі. Заңсыз жабдықтарды пайдаланып келген тұлғалар Заводская кенті мен Степногорск қаласының тұрғындары болып шықты.

Қазіргі уақытта екі оқиға бойынша да сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қымбат металдардың заңсыз айналымы айтарлықтай ауыр қылмыс болып саналып, ол айыппұл немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасын қарастырады.