Биыл БҚО-да есірткі таратумен айналысқан 25 адам ұсталды

БҚО-да жыл басынан бері полиция қызметкерлері есірткі таратумен айналысқан 25 адамды ұстады, олардың арасында 6 жасөспірім болған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жуырда Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Орал қаласындағы колледждердің бірінің бірінші курс студентін ұстады.  Оны жеке тексеру кезінде қалтасынан ерекше иісі бар сұр түсті кристалды зат салынған 25 zip-пакет табылып, тәркіленді.

Жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ есірткі жеткізудің мүмкін арналарын анықтап жатыр.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері есірткі заттарын таратумен айналысатын 25 адамды ұстады, олардың арасында 6 жасөспірім бар.

– Біздің іс-әрекеттеріміз осындай қылмыстың алдын алуға және кінәлілерді жауапқа тартуға бағытталған, – деп атап өтті ПД.