Абай облысының тұрғынынан есірткі заттары тәркіленді

Абай облысында “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ барысында есірткі заттары тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Аягөз қаласындағы учаскені аралау кезінде жергілікті тұрғынның есірткі заттарын сақтауы мүмкін екендігі туралы ақпарат алды. Көрсетілген азаматты тексеру барысында оның шалбарының оң жақ қалтасынан полиэтилен пакетке оралған, өсімдік тектес жасыл түсті зат табылып, тәркіленді.

Сот-химиялық сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген заттың салмағы 2,24 грамм кептірілген марихуана екені анықталды. Күдікті есірткіні жеке қолдану үшін сақтағанын мойындады.

Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оған келу міндеттемесі шығарылды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы белсенді күресін жалғастырады және азаматтарды заңдылықты сақтаудың маңыздылығын еске салады. Кез келген заңсыз әрекеттер туралы ақпарат жедел тексеріледі.