Алматы облысының тұрғынынан есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Алматы облысының тұрғынынан есірткінің ірі партиясы тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz  тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысында полиция қызметкерлері Шелек ауылының 47 жастағы тұрғынын аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен ұстады.

– Сарапшылардың зерттеуі тәркіленген заттың кептірілген марихуана екенін растады, оның жалпы салмағы 9 кг 520 гр болып шықты. Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу фактісі аудандық полицияда тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, –  деп атап өтті Еңбекшіқазақ ауданы ПБ бастығы Дәурен Құтпанов. 

Тәртіп сақшылары істің мән-жайларын жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу әрекеттерін жалғастыруда.