Петропавлда әйелін ұрып-соққан ер адам сот үкімімен 25 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері 16 маусымынан бастап әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық өзгерістер күшіне енгенін еске салады.
Жаңа ережелерге сәйкес, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу сияқты әрекеттер енді қылмыстық жауапкершілікке жатады. Бұрын әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қаралған жағдайлар қазір қылмыстық сипатқа ие. Бұл өзгерістер әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін күшейтуді көздейді.
Шілде айында Петропавл тұрғыны полицияға жолдасының мас күйінде оған қол көтергенін хабарлаған. Ер адам әйелінің басы, иығы мен жамбасына бірнеше рет соққы жасаған. Бұған дейін де ол отбасылық құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Учаскелік полиция инспекторлары қажетті материалдарды жинап, қылмыстық іс қозғады.
Бұл жағдай тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарына назар аударып, заң бұзушылық үшін жазаның қатаңдай түскенін көрсетеді.