Көлік полицейлері есірткі жасырумен айналысқан күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, Қарағанды көлік прокуратурасының келісуімен, Қарағанды – Қарағанөзек теміржол өткелінің аумағында психотроптық заттарды жасырумен айналысқан 34 жастағы Қарағанды қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.
Ұсталған азаматтан аса ірі мөлшердегі, яғни, жалпы салмағы 500 грамнан асатын мефедрон психотроптық заты тәркіленді, сонымен қатар электронды таразылар, изоленталар, зип-пакеттер мен есірткіні бөліп салуға арналған әртүрлі ыдыстар алынды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өзге ақпарат ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.